Kishore Kumar Hits

Ninety One - Bope şarkı sözleri

Sanatçı: Ninety One

albüm: Bope


Бөпе, төккенің көзден дәрі болмайды
Көрпең сені күнде жылы мұңға орайды
Өтед-кетед бұның бәрі, алайда
Ертең ең батыл қиялыңа бол дайын
Сым тетіктен бір үніңді күтем
Бәлкім ол ұмтылад
Бәлкім ол... (хм)
Бірақ ол әлі бөпе
"Мені үйдегілер жібермид"
Алаңдама мендік
Қалтада бар тағы да бір
Мың уәде, мың сылтау
Арттан ер, бәрін көрсетем
Уақыт жоқ мүлде
Онсыз да кеш келем, эй
Кел бері, бер бел
Тәтті биге күттірмей кірейік
Тергеулермен ертеңге дейін сәл кідірейік
Ертегіден мекен іздейік екеумізге
Тек сен күлімдей баста бүгіннен
Бөпе, төккенің көзден дәрі болмайды
Көрпең сені күнде жылы мұңға орайды
Өтед-кетед бұның бәрі алайда
Ертең ең батыл қиялыңа бол дайын
Сен сондай ыстықсың
Дәл алдыңда балдармен гитара ойнап
Маршмеллоны пісіріп отырса болад
Сен сондай ыстықсың айдаһарлардың үйіне келін болып
Бәрі тілін күйдіретін шай берсең болад
Сол үшін де сен сөнбе, маған ертеңіме сенімменен керек қуат
Бүгін, үлгермеген нәрселерің ертең болад
Кел бері, бер бел
Тәтті биге күттірмей кірейік
Тергеулермен ертеңге дейін сәл кідірейік
Ертегіден мекен іздейік екеумізге
Тек сен күлімдей баста бүгіннен
Бөпе, төккенің көзден дәрі болмайды
Көрпең сені күнде жылы мұңға орайды
Өтед-кетед бұның бәрі алайда
Ертең ең батыл қиялыңа бол дайын
Бөпе, төккенің көзден дәрі болмайды
Көрпең сені күнде жылы мұңға орайды
Өтед-кетед бұның бәрі алайда
Ертең ең батыл қиялыңа бол дайын

Поcмотреть все песни артиста

Sanatçının diğer albümleri

Benzer Sanatçılar