Kishore Kumar Hits

jeltoksan. - Alyska şarkı sözleri

Sanatçı: jeltoksan.

albüm: Alyska


Алысқа,
Бай болып түскем, осындай болып қаламын.
Алысқа, кетеміз алысқа
Тәңірім жаратпаған болу үшін құмырсқа.
Мен өз ойымды айтам, мен қалауымды істейм,
Мен сондай болып қалам.
Алысқа арпалыстан,
Тәңірім жаратпаған болу үшін құмырсқа.
Мен өз ойымды айтам, мен қалауымды істейм,
Мен сондай болып қалам
Алысқаным қаншама?
Аз ба болғаным бодан, өзімді жоғалтуға?
Қарлы сексен алтыда оянамын (иә, иә)
Енді жақындап қара,
Сілкіп уақыт-кеңістікті таратамын толқындар.
Тұман басқан қалада,
Бәрі айырбастаған қиялдарын қағазға.
"Дәл осылай жалғасса
Көрген көздер көрмеген боп кете алмаймыз алысқа" -
деді маған данышпан.
Ода көп ед жауаптар, менде жоқ сұрақтарға.
Менде жоқ сұрақтарға,
Берілген жауаптардан,
Маған не кіріп шығар?
Менің білетінім аз,
Тәуекел маған жолдас сондықтан иә
Бәлкім қалды өте аз,
Бәлкім шыңға қалды тек бір қадам.
Мен артқаны ұмытқам,
Сондықтанда сенімдіміз,
Біз жетеміз, біз жетеміз алысқа иә
Алысқаным қаншама?
Аз ба болғаным бодан, өзімді жоғалтуға?
Қарлы сексен алтыда оянамын (иә, иә)
Алысқа, кетеміз алысқа
Тәңірім жаратпаған болу үшін құмырсқа.
Мен өз ойымды айтам, мен қалауымды істейм,
Мен сондай болып қалам.
Алысқа арпалыстан,
Тәңірім жаратпаған болу үшін құмырсқа.
Мен өз ойымды айтам, мен қалауымды істейм,
Мен сондай болып қалам
Балықтар шалқадан түсіп шығып қалды жағаға,
Адамдар шалқадан түсіп тұрмай жатыр ұйқыдан.
Сезіп тұрмын суық демді сол жақ иық тұсынан иә
Мен өлем, өлім хақ иә...
Бұл қарлы желтоқсан көрінісі,
Ұлы халықтың үзіндісі
Жерде жатыр ет боп,
Белгісіз тірі-өлісі (иә)
Белгісіз тірі-өлісі.

Поcмотреть все песни артиста

Sanatçının diğer albümleri

Benzer Sanatçılar