Естелік күндер, ескеріп кімдер
Еске алар енді оларды
Маңдайға сыймай, шалғайға қимай
Қоштасып бізбен жоғалды
Тұншығып тынып, шын сүйіп тұрып
Санамнан сені өшірдім
Арман әнімді, алдағаныңды
Кешірдім жаным, кешірдім
Арман әнімді, алдағаныңды
Кешірдім жаным, кешірдім
Тағатсыз талғам, жауапсыз қалған
Қаншама сұрақ кеудемде
Сан апаттардан, жарақаттанған
Жазықсыз жүрек жер менде
Көркем үніңді, еркелігіңді
Көңілден енді көшірдім
Қиған антыңды, қиянатыңды
Кешірдім жаным, кешірдім
Өзіңе лайық бар сыңар
Есіңде қалмас есімім
Құшағым саған тар шығар
Сағыныш емі тек кешірім
Қалмасаң қалма, самғасаң самға
Тағайын текке несін мін
Мендегі мұңды, пенделігімді
Кешірдім жаным, кешірдім
Кешірдім жаным кешірдім
Мендегі мұңды, пенделігімді
Кешірдім жаным, кешірдім
Поcмотреть все песни артиста
Sanatçının diğer albümleri