Самғатып сұлу сезім, балапаным, Көңілдің күн шуағын таратамын. Інілік-ізгілікке жол бастайтын, Ағалық аялаған алақаның. Кеңейтіп керегені, тең етіп терезені, Көш бастап асулардан асуларға. Қалқиды қырғи көңіл, Сағаттай сырғиды өмір, Жол салып ғасырларға, асыл аға. Өмірде қаразым көп өтемеген, Өзіңсің өнер шыңға жетелеген. Аласа болсаң дағы жусаннан да, Биіксің әрқашанда бетегеден. Кеңейтіп керегені, тең етіп терезені, Көш бастап асулардан асуларға. Қалқиды қырғи көңіл, Сағаттай сырғиды өмір, Жол салып ғасырларға, асыл аға. Аман бол, айналайын асыл ағам, Жігітсің қиындыққа жасымаған. Мен, сенің көңіліңнің арқасында, Теңіздей тебіреніп тасып ағам. Кеңейтіп керегені, тең етіп терезені, Көш бастап асулардан асуларға. Қалқиды қырғи көңіл Сағаттай сырғиды өмір, Жол салып ғасырларға, асыл аға.