Kishore Kumar Hits

RaiM - Ауылымды сағындым şarkı sözleri

Sanatçı: RaiM

albüm: Ауылымды сағындым


Ауылымды сағындым, бауырымды сағындым
Елімнің, туған жерімнің топырағын сағындым
Әкешімді сағындым, анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін, алақанын сағындым.
-Алло, мама! Қалыңыз қалай?
Сіздің Рәкөшіңіз басқаларға Райм
Қазір жолда тұрмын, сол баяғыдай
Иә, шын айтамын, жол тарттым сізге қарай
Әрине әзірлеңіз шәйіңізді сағындым
Ауасын ауылдың, иісін бауырдың,
Сағындым, шыны керек, сағындым
Иісін бауырдың.
Әкеме айтшы, мама, дайындасын жылқыларын
Шауып қайтайықшы асып дала қырларын
Далада отырып айтатын көп сырларым
Себебші сіздер бүгін ерте тұрғаным
Тартылып жүр екен турникке әкем салдырған
Фотодан көрдім, бозарыпты інім балдырған
Шылдыр шүмек, тентек інім,
Күтіп тұрсыншы алдымнан мені бүгін.
Ауылымды сағындым, бауырымды сағындым
Елімнің, туған жерімнің топырағын сағындым
Әкешімді сағындым, анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін, алақанын сағындым.
Уақыт өткенін сеземін бірақ миыма кірмепті
Қалай Ілияс қар тазалайтын жасқа жетті
Қалайша Диас асау тайларды үйретіп жүр
Тіпті жіңішке дауысы жуандап кетіпті
Мама үйге кірейік, жүр, сырт аяз,
Шай әзірлеші, мама, сосын да кір жаясың
Әке, балта қайда? Шай дайын болғанша
Ағаш жарып, ломмен мұз ояйын
Есік алды мұз, таясың.
Қораға киетін киімім ініме шақ болыпты
Мартаның бұзауларымен аула толыпты
Айтпақшы, әке,
Жолшыбай Ербол аға жолықты,
Мақтады мені, кеше теледидардан көріпті.
Мама тамағың сол баяғы тәтті,
Шыны керек, шаршадым қанша күттім осы сәтті
Бесеуміз отырып жоспар құрайық оңашада
Ендігі келінмен келемін болашақта
Ауылымды сағындым, бауырымды сағындым
Елімнің, туған жерімнің топырағын сағындым
Ауылымды сағындым, бауырымды сағындым
Елімнің, туған жерімнің топырағын сағындым
Әкешімді сағындым, анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін, алақанын сағындым.

Поcмотреть все песни артиста

Sanatçının diğer albümleri

Benzer Sanatçılar