Күрең күнменен келемін жарысып Сүрең іргеме келмеске алысып Жарық бар алда Кеудеге үміт салған Жол үстіндегі жалғыз ізді таңда Басқа іздердің бағыты көп алдар Тайма жолыңнан Бәрі оңынан болар Мықты емес ешкім өзіңнен ғана Деген ой келсе алдыңа қара Тозған жол көрінер Бірақ Тоздырған сен емес Өзіңді өзгеден төмен санасаң Сол сәт бас бұрып артқа қарасаң Саған да із ерер Үлгі бол өзгеге Әңгімеден әңгіме Жылтырақтың сәніне Көз үйренген шынында Еркіндіктің дәмі керек Керек Қалдың астында ауыр тастардың Жолың басында неден басталды? Өткен іздерге сәлем жолдайық Саған қиын ба, маған дәл солай Мықты емес ешкім өзіңнен ғана Деген ой келсе алдыңа қара Тозған жол көрінер Бірақ Тоздырған сен емес Өзіңді өзгеден төмен санасаң Сол сәт бас бұрып артқа қарасаң Саған да із ерер Үлгі бол өзгеге