Аты жөнім болады – Төреғали Төреәлі Жүрегімнің жартысын көрген жоқпын мен әлі Қыздар маған қосылмай қарайтындай досындай Үйленбегем негізі, түрім өзі осындай Ех, жаным, қыздар ай Жас жүрегім сыздады ай Сыздатуға жүректі Неге құмарсыздар ай Ғашық шығарсыздар ай Орыс қызын сүйген ем, ақыл айтып Ми жеген Әдетіне төзбедім ерін төстеп билеген Үнді қызын сүйген ем, кездескенде киномен Есімінен шатасып Гита, Зита дей берем Ех, тілімен түйреген Қабақ шытсам күйреген Қадірімді білетін Қазақ қызға үйленем Еріндері кеседен Басқа жерге тимеген Қадірімді білетін Қазақ қызға үйленем Қытай қызын сүйген ем, көптігінен именем Қайынжұртым кеп қалса, сыймаймын ғой үйге мен Өзбек қызын сүйген ем, күнде биге сүйреген Билегені – демалыс, демалысы – күйбелең Ех, тілімен түйреген Қабақ шытсам күйреген Қадірімді білетін Қазақ қызға үйленем Еріндері кеседен Басқа жерге тимеген Қадірімді білетін Қазақ қызға үйленем Қыздар маған сенбейді, сенбеген сон тергейді Тергеуші қыз алдында ақталғым да келмейді Мың жүректі сыздатып, мың жүректі мұздатып Ең соңында сыйлаймын бір жүрекке шын бақыт! Мың сұлудың қиялы Телефонда ұялы Әрі кетсе жүрекке Төрт-ақ ару сыйады