Kishore Kumar Hits

Дос-Мукасан - Әпитөк şarkı sözleri

Sanatçı: Дос-Мукасан

albüm: Дос-Мұқасан ансамблі


Қамысы әупілдектің мүше-мүше сарғайды
Осынау көлдің суын іше, әпитөк
Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе бармас пем
Сәулетайға әлденеше, әпитөк
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
Басында әупілдектің мұнары бар мойнында (мойнында)
Көк бестінің тұмары бар, әпитөк
Құрбылар "бұл қалай" деп сөге көрме ғашықтың
Тарқамаған құмары бар, әпитөк
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Туған екен сол перизат асыл тек
Басынан әупілдектің мұнар кетпес кей адам
Уәде берген сертке жетпес, әпитөк
Кебістің жалаң аяқ басын киіп ей қалқам
Қош дегенің естен кетпес, әпитөк
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Туған екен сол перизат асыл тек

Поcмотреть все песни артиста

Sanatçının diğer albümleri

Benzer Sanatçılar